A+ A A-

talgatzhan 42 22-11-2024, 10:00 0

Президент Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Бүгін / Республика

Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 


-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, - деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасына.

Дерекке қарағанда, Парламент палаталарының төрағалары да қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.

-Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат — тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.

Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын, - деп толықтырған Президенттің Баспасөз хатшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив