A+ A A-

talgatzhan 34 22-11-2024, 10:20 0

ШҚО-да көлік жүргізушілері 1 желтоқсанға дейін қысқы дөңгелекке ауысуы керек

Бүгін / ШҚО

Тәртіп сақшылары тұрғындарға ауа-райының қолайсыздығы туралы ескерту жасап, жолда сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қысқы шина көлік құралының барлық дөңгелектеріне орнатылуы керек, ал протектор үлгісінің қалдық биіктігі 4 мм-ден кем болмаған жөн.
- Қысқы резеңке мұзда көлікті басқаруды айтарлықтай жеңілдетеді. Төмен температурада жазғы дөңгелек резеңкесі қажетті тартылысты қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан оны пайдалану қауіпті. Дөңгелекті ауыстыруды соңғы сәтке қалдырмаған жөн, - делінген ақпаратта. 
Сондай-ақ облыс полицейлері тұрғындарға ауа-райының қолайсыздығы туралы ескерту жасап, жолда сақ болуға шақырады.
- Тәртіп сақшылары жолда тәулік бойы кезекшілік етіп, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Жол жөндеу ұйымдарымен бірлесіп, көктайғақ учаскелерде қардан тазалау және себу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив