ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Капанованың айтуынша, биыл өңірде қанайналым жүйесі аурулары мен қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткіші, қант диабетіне шалдыққандар саны төмендеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алайда туберкулезден болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітім жағдайы артқан. Бұған дейін облыста туберкулезге шалдыққандар саны 3,6%-ға (225 адам) өскендігі айтылған еді. Ал былтыр бұл дертпен 218 адам ауырған.
Әсіресе, Алтай, Самар, Глубокое, Күршім аудандары мен Өскеменде науқастар саны әлдеқайда көп екен. Сондай-ақ мамандар балалар арасындағы мәселеге де назар аударды.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер