A+ A A-

talgatzhan 46 22-11-2024, 11:00 0

ШҚО-да 151 медициналық маман тапшы

Бүгін / ШҚО

Облыстық денсаулық сақтау жүйесінде 10 842 ақ халатты жан жұмыс істейді. Анығырақ айтқанда, 3021 дәрігер мен 7821 орта медицина қызметкер, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Дегенмен, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша медициналық мекемелерге әлі 151 маман жетіспейтінін айтты. Әсіресе, ауылдарда орналасқан ауруханаларға 75 адам қажет. Қалалар мен аудандар бойынша да кадр тапшылығы байқалады: Өскемен - 51, Риддер - 10, Серебрянск - 15, Алтай ауданы - 29, Шемонаиха ауданы - 10, Глубокое ауданы - 6, Катонқарағай - 3, Үлкен Нарын ауданы - 5, Самар ауданы - 5, Ұлан, Тарбағатай ауданы - 7, Марқакөл ауданы - 3. 
Бұған дейін шалғай елдімекендерде 28 жас дәрігер жұмысқа орналасқан еді.
Айта кетейік, облыста жалпы 382 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетіп отыр. Оның 320-сы мемлекеттік болса, 62-сі жеке меншік. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив