Облыста соңғы 5 жылдың ішінде науқастарды емдеуге арналған талай құрал-жабдық сатып алынған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл босандыру мен қанайналым жүйесі аурулары емдеу қызметін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерін жарақтандыру жүргізіліп жатыр. 3 218 546,1 мың теңге көлемінде магнитті-резонанстық томограф пен 3 компьютерлік томографты жеткізуге келісім-шарттар жасалды.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Капанованың айтуынша, емханаларды жарақтандыру мұнымен тоқтамайды. Келесі жылы 2 627 323 теңгеге босандыру мен қанайналым жүйесі аурулары емдеу қызметін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерін жаңартып, ангиограф, компьютерлік томограф, 2 жылжымалы маммографиялық және 2 жылжымалы флюорографиялық кешендерді жарақтандыру жоспарда бар.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер