Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі шаһардың сәулеттік келбетін жақсартуға арналған бағдарлама шеңберінде көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін жөндеу жұмыстарының аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осылайша, биыл мамыр-қазан айлары аралығында Қазақстан, Мызы, Нұрмағамбетов, Протозанов, Тоқтаров, Стахановская, Чехов көшелері мен Шәкәрім, Әуезов, Назарбаев даңғылындағы 53 үйдің қасбетіне жөнделді.
Тек үйдің сырты емес, бүкіл периметрі қалпына келтірілді.
Жұмыс басталар алдында тұрғындармен жиналыс өткізілген. Биылғы маусымда жобаға бес бірдей мердігер ұйым қатысты. Олардың жұмысына үш жылдық кепілдік бар.
Барлық жұмыс келісім-шартта көрсетілген мерзімде аяқталды. Жоба сапасын тұрғын үй қатынастары бөлімінің мамандары мен техникалық қадағалау өкілдері бақылап отырды.
Пікірлер