Серебрянск қаласындағы Гоголь көшесінде жеңіл автокөлік жанып, құтқарушылар 4 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал Өскемендегі Назарбаев көшесінде 2 шаршы метр алаңда тағы бір көлік жалынға оранды. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ.
Осы тұста ШҚО ТЖД мамандары қозғалтқышты жылыту үшін ашық от көздерін пайдаланбауға, көліктің техникалық жай-күйін ұдайы қадағалауға кеңес береді.
Төтенше жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыздар.
Пікірлер