Жол-көлік оқиғасы 22 қараша күні таңертең тасжолдың 952-ші шақырымында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Абай облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Shacman жүргізушісі жол жиегін нығайту жұмыстарын жүргізген. Солға қарай бұрылғанда дәл сол бағытта келе жатқан Volvo көлігімен соқтығысып қалды.
– Жол апаты салдарынан Volvo көлігінің жүргізушісі жарақат алды. Медициналық көмек көрсету үшін ол Қалбатау ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, – делінген мәліметте.
Фотосурет: Абай облысы полиция департаменті
Пікірлер