444.4 488.97 5.39
A+ A A-

Өскеменде алтын алқа ұрлаған жас жігіт ұсталды

Өскеменде алтын алқа ұрлаған жас жігіт ұсталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, облыс орталығында телефонын қуаттап алуды өтінген 25 жастағы ер адам жергілікті тұрғынның 800 мың теңге тұратын алтын алқасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жәбірленуші екі бейтаныс азаматқа гаражда телефон қуаттауға рұқсат берген. Осы сәтте олардың бірі үй иесінің заттары қараусыз қалғанын байқап, алтын алқаны ұрлауға әрекет жасаған. 

- Жәбірленуші оның әрекетіне тосқауыл қоюға тырысқанда күдікті күш қолданды. Есін жиғаннан кейін ер адам алқасының жоқ екенін байқаған. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 25 жастағы күдіктіні анықтады. Ұрланған алтын алқаны күдікті танысымен бірге ломбардқа өткізіп, ақшаны өзара бөліскен, - делінген ресми мәліметте. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив