A+ A A-

talgatzhan 27 22-11-2024, 16:15 0

Ермек Көшербаев апаттық-құтқару қызметінің дайындығымен танысты

Бүгін / ШҚО

Облыста «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілісі. 

Осы ретте аймақ басшысы Ермек Көшербаев пен Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рашид Блялов өңірдегі авариялық-құтқару қызметінің қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындығын тексерді. Облыс әкімі арнайы көліктердің жеткілікті болуын назарға алып, қызметкерлермен қыста кездесетін мәселелер туралы талқылады.
– Дауыл мен қалың қар кезінде халықтың қауіпсіздігі – бірінші кезектегі міндет. Қазір барлық құрылымдардың: ТЖД, полицияның, Ұлттық ұланның, барлық аудан мен қала әкімдіктерінің, жол қызметтерінің дайындығы тексерілуде. Қыста қазандықтар жұмысындағы мәселелер, электр энергиясындағы іркілістер, жол апаты сынды түрлі төтенше жағдайлар туындауы мүмкін. Әсіресе, жолдардағы апаттық-құтқару жұмыстарына дайын болуымыз керек, – деді Ермек Көшербаев.
ШҚО ТЖД бастығы Рашид Бляловтың сөзінше, былтыр тасжолда 90 адам эвакуацияланып, 18 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 70 дауылды ескерту жарияланды.
– Бүгінде өңірде 114 өтімділігі жоғары техника бар, олар қар басқан аудандарға таратылатын болады, – дейді ол. 
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша облыс басшылығы құтқару бөлімшелері мен азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығына баға беріп, оны одан әрі жетілдірудің басым бағыттарын айқындады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив