A+ A A-

talgatzhan 33 24-11-2024, 11:00 0

Өскеменде 90-нан астам адам онкологиялық тексеруден өтті

Бүгін / Өскемен

ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында өкпенің, қуық асты безі мен ұйқы безінің қатерлі ісігін ерте диагностикалауға және алдын алуға арналған ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс тұрғындары дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан білікті мамандардан кеңес алды. Көрсетілімдерге сәйкес дәрігерлер науқастарды өкпенің УДЗ немесе төмен дозалы компьютерлік томографиясына жіберді.

-Мұндай іс-шаралар онкология төңірегіндегі қорқыныш пен стереотиптерді жоюға көмектесіп, қатерлі ісікке дейінгі ауруларды ерте анықтауға ықпал етеді. Сондай-ақ халықты сауықтыруға және болашақта қатерлі ісік қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді,-деді ШҚО КОжХО СӨС үйлестірушісі, дәрігер-реабилитолог Ирина Лавриненко.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив