Тарбағатайды дамыту үшін 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр
[xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]
Аудан әкімдігі мәліметінше, қаңтар-қазан айларының қорытындысында өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 млрд 868,8 млн теңгені көрсетті. Тау-кен өндіру бойынша өнім көлемі 940,3 млн, ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 25 млрд 956,6 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9 млрд 652,1 млн теңгені құрады. Биыл пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 4 483 шаршы метрге жетті. Бөлшек сауда айналымы 8 млрд 502,2 млн, көтерме сауда айналымы 38,2 млн теңгені көрсетті.
– 2026 жылы аудандағы агроөнеркәсіп кешенінде су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған бірнеше жоба іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Tarbagatai Agro» , «Қайқы» және «ALUA CORPORATION» кооперативтері суармалы жерлерді ұлғайтып, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін енгізуде. Жетіарал ауылына қарасты тағы бір «Қызылбұлақ» кооперативі жаңбырлатып суару технологиясын енгізді. Ауданда 264 гектар егістік жері бар. Биыл соның 150 гектарына әрқайсысы 50 гектар аумақты қамтитын 3 жаңбырлатып суару құрылғысын орнату жоспарланған. Қазір 1 суару құрылғысы толық орнатылды. 3 су құдығы қазылып, сыйымдылығы 60 текше метр болатын су жинау бассейні дайындалды. Бүгінде кооператив картоп, қарбыз, қияр және басқа да көкөніс түрлерін егуді қолға алып, жаңбырлатын суару арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алды, – делінген ресми ақпартта.
Бұдан бөлек, пайдаланылмай жатқан жерлерді енгізіп, өсімдік және мал шаруашылығын қатар дамыту бағытында «Жеңіс шаруашылығы» ЖШС жұмыстар атқаруда. Серіктестік жерді тиімді игеру мақсатында су үнемдеу технологиялары мен тамшылатып суару жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар жоба аясында ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту көзделген.
– Болашақта Байтоғас пен Тұғыл арасына 20 мың гектарға дейін егістік егу жоспарлап отыр. Оны біртіндеп ұлғайтып, «Дабар» қырына дейінгі аумақты қамту көзделуде. Ол жерден де 7 мың гектарға жуық алқап дайындалады. Осылайша, жалпы аумағы 27 мың гектар жер көлемін игерілмек. Бұл – тек егістік алқабы емес. Оның жанында бордақы алаңы, сүт фермасы, осы өнімдердің барлығын өңдейтін зауыттар мен фабрикалар болады деген ауқымды жоспар бар, – деді әкімдік өкілдері.
Қазір ауданда 100 бастан асатын 5 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Биыл 1000 бастан 5000 басқа дейінгі ірі бордақылау алаңдарын салу жобалары қолға алынуда. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында былтыр жалпы сомасы 236,16 млн теңгені құрайтын 19 жоба мақұлданса, 2026 жылы 490 млн теңгеге 35 жоба мақұлданды.
Айта кетейік, Тарбағатай ауданының 2029 жылға дейінгі даму жоспары бойынша өнеркәсіп саласына 20,3 млрд теңге бюджет қаражатын және 231,2 млрд теңге жеке инвестиция салу жоспарлануда.
– «East Smelting» ЖШС-ның мыс өндіру және өңдеу бойынша тау-кен байыту комбинатын салу жобасының инвестициялық көлемі 216,0 млрд теңгені құрайды. Қазір барлау жұмыстары жүргізіліп жатқан Қызылқайың учаскесінде «East Smelting» ЖШС молибден-мыс кен байыту комбинатын салуды жоспарлап отыр. Өндірістік және инфрақұрылымдық бағытта «Бенто Технологии KZ» ЖШС жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 40 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 30 мың тонна өнім өндіру көзделген. Қазір геологиялық барлау жүргізілуде. Ал Бозша учаскесінде «Grain EXP» ЖШС қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде іске қосылып, өз жұмысын бастаған ірі жобалар қатарында Ақжар ауылындағы «ОблШығысЖол» ЖШС-ның асфальтобетон зауыты мен Тәуке ауылында «Ивега» ЖШС-ның асфальтобетон зауыты, – делінген әкімдік мәліметінде.
Сондай-ақ Зайсан көлінде балық өңдеу кешені мен шабақ өсіру зауытының құрылысы жүріп жатыр. Жобаның бастамашысы – «Zaisan See» ЖШС. Оның жалпы құны 6 млн евроны (3,3 млрд теңге) құрайды. Аталған бастама - елдегі тұңғыш өнеркәсіптік шабақ өсіру зауыты.
Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз
Пікірлер