448.72 493.86 5.49
A+ A A-

Тарбағатай ауданындағы барлық ауылда ойын алаңы салынды

Тарбағатай ауданындағы барлық ауылда ойын алаңы салынды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Аудан әкімдігінің ресми ақпаратына сүйенсек, биыл Жетіарал ауылына кіреберіс «Қызыл қора» көпіріне жөндеу жүргізіліп, асфальт төселді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тұғыл ауылындағы Шағанов және Маңырақ көшелері қиылысындағы ұзындығы 1,3 шақырым жолға қиыршық тас-топырақ төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Биыл Ақжар ауылындағы көше жолдарын жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 100 млн теңге бөлінген.
– Бұл қаражатқа «Халық банкі» және Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттарының алдына асфальт төселіп, автотұрақтар салынды. Толағай көшесі, Торайғыров көшесі, Жаңалық ауылына кіреберіс көше мен Есенгелді саябағына дейінгі аралыққа асфальт төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Екінші жыл қатарынан аудан бюджетіне ауылішілік көше жолдары жөнделуде. Сонымен қатар Ақжар, Жаңалық, Жаңатілеу ауылдарының 14 көшесіне қиыршық тас төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Осы жылы барлық ауылдық округке ауылдардың ішкі көшелерін жөндеуге 7,5 млн теңгеден қаражат бөлінді. Нәтижесінде Құйған ауылының Хамзин көшесіне, Жетіарал ауылының Уаңбаев көшесіне, Жаңаауыл ауылының Жанжүнбаев көшесіне, Қабанбай ауылының Сатбаев көшесіне, Маңырақ ауылының Уәлиев, Күсемісов, Иманов көшелеріне, Тұғыл ауылындағы Шағанов пен Маңырақ көшелері қиылыстарына қиыршық тас-топырақ төселді, – делінген ресми хабарламада. 
Қазір Сарыөлең, Жолқұрылыс және Қарой ауылдарынан басқа барлық ауылда футбол алаңдары бар. Ал балалар ойын алаңы салынбаған бірде-бір ауыл қалған жоқ.
– Ақжар ауылының өзінде 11 футбол алаңы, 15 балалар ойын алаңы, 6 стрит воркаут алаңы пайдалануға берілді. Тұғыл ауылдық округінде 5 шағын футбол алаңы, 1 үлкен футбол алаңы, 7 балалар ойын алаңы, 4 стрит воркаут алаңы бар. Биыл Чуленов және Абай көшелеріне ойын алаңы салынды. Тарбағатай көшесіне 1 стрит воркаут алаңы орнатылды. Сонымен қатар Тұғыл ауылында Рысқұлов мектебінің алаңына 3,2 млн тг газон жамылғысы сатып алдынды, Байтоғас ауылындағы ойын алаңында газон жамылғысы ауыстырылды. Биыл Қабанбай ауылдық округіндегі Қазақстан ауылына да шағын футбол алаңы орнатылды. Ақжар ауылындағы «Мектеп» шағын ауданында шағын футбол және балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Ақжар ауылынан шығаберіс «Үшінші өзен» аумағында демеушілердің есебінен демалыс орны салынды, – деп жазылған ақпаратта. 
Мәлім болғандай, биыл «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданда 9 913 түп ағаш көшеті, 60 мыңға жуық гүл көшеті отырғызылды.
Айта кетейік, осы жылы Ақжар, Тұғыл, және Қарасу ауылдарында 954,8 млн теңгеге ауданы 3410 шаршы метрді құрайтын 44 тұрғын үй салынды. Өткен жылмен салыстырғанда пайдалануға берілетін баспанадардың көлемі 2 есеге ұлғайды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив