448.72 493.86 5.49
A+ A A-

Тарбағатай ауданында 14 мектеп пәндік кабинетпен жабдықталды

Тарбағатай ауданында 14 мектеп пәндік кабинетпен жабдықталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Биыл аудандағы білім ордаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңарту және білім беру сапасын арттыру мақсатында бірқатар жұмыс атқарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, Құйған орта мектебіне STEM-робототехника және химия кабинеттерін сатып алуға жергілікті бюджеттен 23 437,0 мың теңге бөлінді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қолдауымен білім беру ұйымдарына 14 заманауи пәндік кабинет өтеусіз негізде сыйға тартылды. Оның ішінде М.Әуезов атындағы мектеп-интернат-колледжі, Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп, Даулетбай атындағы мектеп-балабақша кешені, Жетіарал атындағы мектеп-балабақша кешені, Ы.Алтынсарин орта мектебі бар. Аталған кабинеттердің заманауи оқу жабдықтарымен және қажетті құралдармен қамтамасыз етілуі білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, зертханалық және практикалық жұмыстарды сапалы ұйымдастыруға, пәндерге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
– Аудан бойынша жалпы білім сапасы да жыл сайын артып келеді. Оқушылар түрлі бағыттағы облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындысында  Тарбағатай ауданы «Үздік ауыл олимпиадасы» номинациясында 3 орынды жеңіп алды, – деді әкімдік өкілдері.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив