26 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Павлодар облыстарында екпінді жел тұрады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын жауып, боран соғып, көктайғақ болады.
Ақтөбе, Атырау, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарында қалың тұман түседі.
Пікірлер