Облыстағы аудандардың біріндегі кезекші бөлімге білім беру ұйымында жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұның рас-өтірігін анықтау үшін полиция қызметкерлері мен кинолог мамандар мектепті тексерген. Анықталғандай, 13 жастағы мектеп оқушысы әзілдеу үшін жалған хабарлама таратқан болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады.
Оқушымен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
ШҚО полиция департаменті өкілдері террористік актілер туралы жалған хабарлама таратқаны үшін 14,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынатынын немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін екенін ескертеді.
Айта кетейік, 14 жасқа толған балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал 14 жасқа толмаған жағдайда оның ата-анасы тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы ықтимал.
Пікірлер