Тәртіп бұзушыға қатысты үкімді жариялауға басқа да мемлекеттік білім беру ұйымдарының есепшілері шақырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, 38 жастағы әйел өзінің достары мен туыстарының банктік шоттары арқылы қаражатты рұқсатсыз аударып, қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Бұл әрекетіне шынайы және жалған келісімшарттар арқылы әртүрлі тауарлар мен қызметтерге төлемдерді сылтау еткен.
Өскемен қалалық прокуратурасы мәліметінше, ол мемлекеттік сатып алу жүйесінде жалған келісімшарттар жасап, іс жүзінде орындалмаған қызметтерге ақша аударған. Сондай-ақ жеткізушілерді де арбап, ақша ұрлады.
– Келтірілген жалпы шығын сомасы 16 миллион теңгені құрады.
Сот шешімімен есепші алаяқтық іс-әрекеті үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Әйелдің кәмелетке толмаған балалары бар болғандықтан, жазасын өтеу үш жылға кейінге шегерілді, – делінген ақпаратта.
Пікірлер