A+ A A-

talgatzhan 45 25-11-2024, 19:40 0

Бұқтырма өзенінде мұз кептелісі салдарынан су деңгейі көтеріліп кетті

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Лесная Пристань ауылында мұз кептелісінен Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


25 қарашада сағат 16:50-де Лесная Пристань ауылында мұз кептелген. Соның салдарынан Бұқтырма өзенінде су деңгейі 430 см-ге дейін көтеріліп кетті. Сол күні таңертең су деңгейі 310 см құраған. 

-Судың қатерлі деңгейі – 530 см. Бұл мұз қатқанда жыл сайын болатын жағдай. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бақылау жасап, адамдар мен техника әзір тұр, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабынан. 

Барлық қызмет құралдары су деңгейінің тағы да көтерілуіне дайын. Десе де екі метрлік бөгеттен елді мекендерге су жайылуы екіталай. 

Фотосурет: ШҚО жедел штабынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив