Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Бұқтырма өзенінің су деңгейі төмендеп келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кеше сағат 16:50-де Лесная Пристань ауылында мұз кептелген. Соның салдарынан Бұқтырма өзенінде су деңгейі 430 см-ге дейін көтеріліп кетті. Судың қатерлі деңгейі – 530 см.
-Таулардағы температура нөлден төмен деңгейде сақталатындықтан қосымша су ағыны күтілмеді. Расымен де сағат 22.00-де су деңгейі төмендей бастады. 26 қараша күні таңертеңгі жағдай бойынша Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі 381 см құрады, - деп хабарлады Алтай ауданы әкімдігінен.
Пікірлер