Биыл Қазақстанда кеңсе тауарлары мен кітаптардың бағасы бір жыл ішінде 1,6%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның ішінде кітап бағасы 1,2%-ға, кеңсе тауарларынікі 2%-ға артса, оқушы дәптері 0,7%-ға арзандаған.
Өңірлер бойынша бағаның шарықтауы Атырау облысында (бір жылда бірден 20,7%-ға артқан) байқалды. Одан кейінгі орындарда Абай облысы (8%) мен Алматы қаласы (7,8%) тұр. Бағаның ең аз жылдық өсімі Астана қаласында тіркелді (0,1%).
Сондай-ақ республикадағы барлық қала мен облыстар ішінде сегіз аймақта кітап пен кеңсе тауарлары бағасының төмендеуі байқалды. Шығыс Қазақстанда бұл заттар 9%-ға арзандаған.
Пікірлер