29 қарашада сағат 08:00-15:30 аралығында облыстық ЖИТС (СПИД)-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
-Тұрғындар үшін АИТВ-ға тест тапсырып, профилактика бойынша кеңес алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ орталықта ақпараттық-танымдық материалдарды ала алады, - деді орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Сәуле Кеніспекова.
Орталықтың мекенжайы: Өскемен қаласы, Бурова көшесі, 21/1.
Пікірлер