A+ A A-

talgatzhan 40 26-11-2024, 15:20 0

Өскеменде қоғамдық жұмыстан бас тартқан ер адам қамауға алынды

Бүгін / Өскемен

Өскеменде ер адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін пробациялық есепке алынып, тұрғылықты жері бойынша қоғамдық жұмысқа жіберілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оған аялдамалардағы қоқыс жәшіктерін тазалау міндеті жүктелді. Пробация қызметкерлері оған қоғамдық жұмысты орындаудан жалтарса, қамауға алынатынын бірнеше рет түсіндірген. 
- Алайда ол заңды талаптарды еш елемей, өзіне артылған міндетті тек екі күн орындаған. Осыған байланысты Үлбі ауданының пробация қызметкерлері жазаны қамауға алумен алмастыруға ұсыныс жолдады, - дейді пробация қызметінің маманы Назгүл Батырханова. 
Нәтижесінде сотталушы сот залынан колонияға жіберілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив