«Л-ТВК» ЖШС және «Турсун ТЖ» ЖШС қысқартылған түрде 1 107 600 теңге айыппұл төлеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары Катонқарағай ауданындағы «Л-ТВК» ЖШС, «Турсун ТЖ» ЖШС және «Алтай КомХоз сервис» КМК-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.
Анықталғандай, жалпы айыппұл сомасы 3 175 120 теңгені құрайды. «Л-ТВК» ЖШС және «Турсун ТЖ» ЖШС қысқартылған түрде 1 107 600 теңге айыппұл төледі.
– Осы ретте департамент табиғи монополиялар субъектілерінің заңнама талаптарын сақтауына арналған жұмыстарды ұдайы түрде жүргізуде, – делінген ақпаратта.
Пікірлер