A+ A A-

talgatzhan 54 27-11-2024, 11:30 0

ШҚО-да “Серпін” бағдарламасының түлектері елдімекендерге жұмысқа жіберілмек

Бүгін / ШҚО

Бүгін Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы бірқатар мәселе талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Рауан Жампеисовтың сөзінше, қазіргі таңда облыстағы жастар саны 173 353-ке жетті. Сондай-ақ 34 581 студент білім алуда. “Серпін” бағдарламасымен оқып жатқандар саны - 588. NEET cанатына жататындардың үлесі 4,5% құраса, жұмыссыздық деңгейі 4,3%-ға жетті. 
Осы ретте облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев “Серпін” бағдарламасының маңызына тоқталды. 
- ”Серпін” бағдарламасы бойынша басқа өңірлерден оқуға келген студенттер саны 500-ден асады. Оның негізгі мақсаты - жастарды жоғары оқу орнын аяқтаған соң облыста қалдыру. Осында отбасын құрып, жас маман ретінде жұмыс істесе игі. Сондықтан Үкімет тапсырмасына сәйкес тиісті басқармалармен бірігіп, кеңес құрылды. Белгілі болғандай, биыл 142 студент қолдарына диплом алады. Олардың тізімі барлық әкімдіктерге жіберілді. Сондықтан аудан әкімдеріне жас мамандарды ауылға шақырып, жұмысқа орналастырып, мүмкіндігінше баспанамен қамтамасыз ету тапсырылмақ, - деді ол. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Фотосурет: bugin.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив