A+ A A-

talgatzhan 59 27-11-2024, 11:40 0

ШҚО-да жастардың несие бойынша 4 миллиард теңге қарызы бар

Бүгін

Облыс әкімдігінің отырысында жастар арасындағы несие алудың көбеюі мен оның алдын алу шаралары қарастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Рауан Жампеисовтың сөзінше, жастардың несие қарызы 4 миллиард теңгеге жеткен. 
- Биыл көктемде 3 жоғары оқу орны мен 36 колледж студенттері арасында сауалнама жүргізілді. Оған 7000 білім алушы қатысты. Анықталғандай, жастардың 73%-ы (5740 адам) несие алған. Бұл дегеніміз, әрбір төртінші студенттің мойнында қарыз бар. Осы мәселеге баса назар аударылып, жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деді ол.  

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив