ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Рауан Жампеисовтың сөзінше, жыл басынан бері 18-35 жас аралығындағы азаматтар арасында 725 қылмыс тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, алдыңғы қатарда Өскемен, Риддер қалалары мен Алтай, Глубокое, Шемонаиха аудандары көш бастап тұр.
Жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жоғары оқу орындарында полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, 1757 шара жүргізілді. Сондай-ақ жастар ресурстық орталығы 93 ақпараттандыру жұмыстарын іске асырды.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер