ШҚО Полиция департаменті қызметкерлері үш күн ішінде ішіп алып көлік басқарған 24 жүргізушіні анықтаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нәтижесінде барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларды жүргізуші куәлігінен 7 жылға дейін айыру мен 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы күтіп тұр.
Жүргізушілер арасында 3 адам бұрын осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылған. Енді олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, жыл басынан бері тәртіп сақшылары мас күйде көлік жүргізген 1000-нан астам жүргізушіні тоқтатқан.
Пікірлер