A+ A A-

talgatzhan 46 27-11-2024, 17:45 0

Өскемен әкімі Жақсылық Омар қызметінен кетті

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жақсылық Мұқашұлы бұл қызметті алты жыл көлемінде атқарған. Айтуынша, осы аралықта көппен бірлесе шама-шарқынша қызмет атқарды. 
- Ұзақ сөйлемей, қысқаша қайырсам, қала басшысы лауазымындағы қызметім тәмамдалуда. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Өз басым осынау көрікті шаһар Өскемен қаласының тұрғындарына, ел басшылығына маған сенім білдіргені үшін ризашылығымды айтқым келеді. Осы жылдар ішінде қала әкімдігі мен халық арасындағы байланыс беки түсті. Сіздер барлық мәселеге атсалысып көмектестіңіздер. Қолдаған жерлеріңізде қанаттанып, сынаған жерлеріңізде шыңдала түстім. Қаламыз дамыды, көркейді, өсті. Алты жылда ауыз толтырып айтуға болатын бірқатар жоба жүзеге асырылды. Енді сүйікті Өскеменіміздің жетістіктері жалғасын таба берсін. Сіздерге барлық жақсылықты тілеймін! - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі лауазымына 2018 жылы тағайындалған еді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив