A+ A A-

talgatzhan 40 29-11-2024, 17:00 0

Алтай ауданында облыстық семинар өтті

Бүгін / Алтай

Бүгін Алтай ауданында Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы мен Алтай ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тіл – мәңгілік ел тұғыры: тәжірбие алаңы және озық әдістер" атты облыстық семинар өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Шараға Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры Әсемгүл Абзалова, Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова, мәслихат төрағасы Лариса Гречушникова және қалалық,  аудандық тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары қатысты. Семинар барысында "Тиімді әдіс-тәсілдері – сапалы сабақ кепілі" коучингі, "Ересек тұрғындарға қазақ тілін оқытуда озық әдіс-тәсілдерді қолдану" шеберлік сыныбы ұйымдастырылып, "Мемлекеттік тілді меңгерудің инновациялық  аспектілері" республикалық семинары бойынша ақпаратпен бөлісу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қазақша куиз ойыны өтті.
Шара соңыңда қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият

Қалаға хат 3-02-2025, 10:55

Жұлдыз жорамал

{calendar}