Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Альбеков көпір маңын абаттандыру жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның сөзінше, қазір көпірдің Күршім жағасы маңында туристік аймақ құрылысының жобасы дайындалуда. Көпірдің ашылу салтанаты өткен алаң соның орталығы болады. Бұл жерлер конкурстық негізде игерілмек. Жергілікті атқарушы орган өз тарапынан саябақ құрылысының жобасын әзірлеп жатыр. Сонымен қатар онда кемпинг, қонақүй салынуы мүмкін. Тағы қандай нысандардың болатыны кәсіпкерлерге байланысты, - деді ол.
Аталған конкурстық процедуралар 2025 жылы басталады.
Пікірлер