“Туған жер – алтын бесігім” акциясы аясында 6-7 желтоқсан күндері облыс орталығыгда Алтай ауданының мәдениет күндері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
6 желтоқсан күні сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында жергілікті суретшілер мен қолөнер шеберлерінің туындылары қойылып, шеберлік сағаттары мен ұлттық салт-дәстүрлер көрмесі ашылады.
Сағат 18:00-де көрермен залында ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
Ал сағат 19:00-де Стахановская көшесінде Алтай ауданы әкімінің кубогына футболдан турнир ұйымдастырылады.
7 желтоқсан күні сағат 08:00-ден бастап Жібек жолы, 6 мекенжайында орналасқан “Алтай” сауда орталығында ауылшаруашылық жәрмеңкесі, концерт пен түрлі байқаулар болмақ.
Пікірлер