A+ A A-

talgatzhan 48 4-12-2024, 13:00 0

Күршім ауданында айналма жол салынады

Бүгін / Күршім

Қазіргі уақытта көліктің көп бөлігі Күршім көпірі арқылы оң жағалау елді мекендері бағытында өтіп жүр, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Мейіржан Альбековтің сөзінше,  Өскеменді Күршім, Зайсан, Марқакөл аудандарымен байланыстыратын облыстық маңызы бар тасжол тікелей Күршім ауылының орталығы арқылы өтеді.
– Ауыр жүк тасымалдайтын көліктерді қайта бағыттау үшін Күршімде айналма жол салу жоспарланып отыр. Ол ауданға кіреберістен басталып, ескі әуежайда аяқталады, – деді ол.
Бұл келер жылы қолға алынатын ірі жобалардың бірі. Қазір оған дайындық жүріп жатыр. Әкімдік мәліметінше, айналма жолдың ұзындығы 12 шақырымды құрайтын болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив