A+ A A-

talgatzhan 40 4-12-2024, 13:30 0

Өскеменде чипсы сататын бизнес ашпақ болған жігіт алаяққа 23 млн теңге берген

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласының тұрғынын алдап соғып, 23 млн теңге пайда көрген 31 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Танысын әңгіме тартқан алаяқ «чипсы сататын бизнес ашайық» деп ұсыныс жасап, мол табысқа жететіндігін айтып көндірген. Бұған сенген азамат оған 23 млн теңге берген.

Алайда ақша қолға тиісімен 31 жастағы ер адам мүлде байланысқа шықпай, жоғалып кеткен. Алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға хабарласты.

- Көп ұзамай күдікті ұсталып, жауап алу кезінде өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Осы ретте, тәртіп сақшылары азаматтарды барынша сақ болуға және бір жерге қаражат салмас бұрын анық-қанығын мұқият тексеріп алуға шақырды. Әсіресе, күдік ұялататын тым тиімді шарттар ұсынған адаммен келісім жасауда абай болу қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив