Биыл қалада бес үлкен коньки тебу алаңын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі ақпаратынша, мұз айдындары «Самал» саябағы, Сол жағалау кешені, «Алтай» мен «Титан» стадиондары, Коменданткадағы жаяу жүргіншілер аймағында пайда болады.
Сондай-ақ тұрғын үй ауласындағы хоккей қораптарында да коньки тебуге рұқсат бар.
Аяз басталса, мұз айдындары 20 желтоқсанға дейін ашылады деп күтілуде.
Пікірлер