Өскемендегі Сол жағалау кешенінде резиденция жұмысын бастамақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, аталған демалыс орны былтыр 22 желтоқсанда ашылған болатын. Екі қабатты ғимарат ішінде Аяз Атамен суретке түсіп, түрлі сыйлықтар сатып алуға болады.
Биыл резиденция желтоқсан айының 20-ына таман іске қосылмақ. Сондай-ақ Сол жағалау кешенінде коньки тебуге арналған мұз айдыны құйылатын болады.
Пікірлер