1 желтоқсаннан бастап көлік жүргізушілері үшін қысқы шиналарды қолдануға міндеттейтін жаңа ережелер күшіне енген болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алайда көпшілігі аталған талаптарды сақтамай, өздері және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірін қатерге тігуде.
Желтоқсан басталғалы полиция қызметкерлері жазғы дөңгелектермен жүрген 34 көлік иесін анықтаған. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Осы ретте полиция қызметкерлері қысқы дөңгелектерді қолдану заң талабы ғана емес, адам өмірін сақтап қалудың маңызды шарасы екенін ескертеді.
Пікірлер