A+ A A-

talgatzhan 39 5-12-2024, 16:20 0

Күршім ауданында көпбалалы отбасылар үшін 28 тұрғын үй салынуда

Бүгін / Күршім

Ресми ақпаратқа сәйкес қазір 12 тұрғын үй сатып алынды. Тағы екеуін алу үшін құжаттар рәсімделіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында аудандағы 10 елдімекенде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және көпбалалы отбасылар үшін 28 тұрғын үйдің құрылыс жүріп жатыр. Аудан әкімінің орынбасары Мейіржан Альбековтің мәліметінше, Күршім мен Сарыөлең ауылдарында алты, Барақ батыр мен Құйған ауылдарында үш, Бірлік, Теректібұлақ, Бурабай, Қаратоғай ауылдарында екі үйден салынуда. Қойтас пен Алғабаста да баспана құрылысы қарқынды жүргізілуде. 
Тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2226 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ биыл баспана сатып алу үшін республикалық және облыстық бюджеттен 494,7 миллион ​​теңге бөлінген.
– Қазіргі таңда 12 тұрғын үй сатып алынды. Тағы екеуін алу үшін құжаттар рәсімделіп жатыр, – деді Мейіржан Альбеков.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив