9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы С.Керімбайдың «Қаныш және ғылым майданы» кітабының тұсаукесеріне шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Университет фойесінде қонақтарды «Алтай» фольклорлық ансамблінің музыканттары қарсы алады, барлық тілек білдірушілер «Ғылым және білім ел дамуының негізі» кітап көрмесімен таныса алады.
Автор Қ.Сәтбаевтың белгілі бір шешімдері мен іс-әрекеттерін түсіндіруде экзистенциалды талдау, онтология, логотерапия және феноменологиялық әдістерді пайдалану арқылы өзіндік ерекшелігімен танылған шығармасының жасалу тарихымен бөліседі. Сондай-ақ кездесу барысында спикердің отбасылық құндылықтар мен қазақ халқының мәдени мұрасын жастар арасында насихаттаудағы қызметі талқыланады.
Кездесуге Қ.Сәтбаевтың тұлғасы қайсарлықтың, ғылымға деген адалдық пен өз ісіне адалдықтың жарқын үлгісі болып, жастарды жаңа белестерге талпынуға, өз елінің дамуына үлес қосуға шақыратын жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, сондай-ақ қала жұртшылығы мен зиялы қауым өкілдері қатысады. Бұл басылымның тұсаукесері – нағыз патриот және қазақ халқының отбасылық құндылықтарын сақтаушы тұлғамен кездесудің бірегей мүмкіндігі болып табылады.
Шараның медиялық міндеті: Қаныш Сәтбаевтың жарқын тұлғасын мысалға ала отырып, жастардың өмірлік бағдарларын, патриоттық сезімдерін және туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, Қазақстан ғылымының тарихы мен дамуына қызығушылықтарын арттыру.
Спикер: Санжар Керімбай - «Отбасы Хрестоматия» жобасының авторы, шығыс танушы, ағартушы, жазушы, «Қаныш және ғылыми майдан» кітабының авторы
Құрметті қонақтар:
Бағдат Құдияр – Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қорының директоры
Сағымбаева Ажар – Абай және ШҚО бойынша Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қорының өкілі
Бекзат Нұртай – Абай облысы бойынша Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қорының өкілі
Модератор: Әскерхан Ақтай – ақын, драматург
Байланысушы тұлға: Шагыраева Э.С. – Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Жастар орталығының жетекшісі. Тел: +7 777 406 2512
Өткізілетін күні: 9 желтоқсан 2024 ж.
Уақыты: сағат 16.00
Өткізілетін орны: Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, мәжіліс залы
Пікірлер