Өскеменді қайтадан түтін тұмшалап барады. Себебі кешелі бері жел соқпай тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қазгидромед» РМК 6 желтоқсанда тағы да қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын жария етті.
-5 желтоқсан сағат 20.00-ден бастап 6 желтоқсан 20.00-ге дейін Өскеменде екінші дәреже туралы ескерту жарияланды, - делінген хабарламада.
Осы ретте, тұрғындарға ҚМЖ кезінде далада ұзақ жүрмей, пәтердегі терезелер мен желдеткіштерді жауып отыруға кеңес берілді. Сондай-ақ қайнатылған, тазартылған немесе газсыз минералды су мен шәй ішіп, ас содасының ерітіндісімен тамақты жиі шаю қажет.
Пікірлер