5 желтоқсанда Алматыда «Қазақстан аруы-2024» республикалық сұлулық байқауының қорытындысы шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, Өскемен қаласының 20 жастағы тұрғыны Бағым Балтабаева жеңімпаз атанды. Биыл бойжеткен «Өскемен аруы-2024» атағын жеңіп алған еді.
Бағым Өскеменде туып-өскен. Қазір ол жоғары оқу орнының үшінші курс студенті. Болашақ педагог өзін модельдік жағынан да дамытып жүр.
Енді Бағым Балтабаева «Әлем аруы» әлемдік сұлулық байқауында еліміздің намысын қорғайды.
Айта кетейік, 2004 жылы өскемендік Александра Казакова «Қазақстан аруы» атағын жеңіп алған болатын. Содан бері Бағымға дейін бұл атақты жеңіп алған ешкім болған жоқ.
Пікірлер