Облыста алдағы демалыста күн жылынып, жауын-шашын көлемі артады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Синоптиктердің айтуынша, кей жерлерде дымқыл қар, бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Ал 9-шы желтоқсаннан бастап ауа температурасы күрт төмендеп, түнде 20 градус суық болуы ықтимал.
- Желтоқсанның 8-і күні елдің шығысында жауын-шашын мол болады. Күндіз 0-2 градус аяз күтілуде. Дүйсенбіден бастап күн күрт суытады, күндіз ауа температурасы -9-11 градусқа дейін төмендейді, - деді «Қазгидромет» РМК мамандары.
Сондай-ақ сенбі, жексенбі күндері Өскеменде қар жауады. Ауа температурасы күндіз -1-2 градусқа дейін төмендесе, түнде 4-6 градусқа жетеді.
Пікірлер