A+ A A-

talgatzhan 37 6-12-2024, 13:56 0

Өскеменде полиция қызметкерін балағаттаған әйел жауапқа тартылды

Бүгін / Өскемен

Өскемен қалалық № 2 сотының ақпаратынша, Б. есімді азаматша көпшілік алдында билік өкілін қызметтік міндеттерін орындау кезінде қорлаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Анықталғандай, 22 қыркүйек күні тәртіп бұзушы әйел Красин көшесі № 8/1 үйдің маңында көпшілік алдында полиция капитаны С.-ны балағат сөздермен кемсіткен. 
– Оның әрекеті бейнежазбамен, жәбірленушінің жауабымен және тергеу әрекеттерінің құжаттарымен расталды. Әйел өз кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Бұл ҚК-нің 378-бабы 2-бөлігіне сәйкес теріс қылықтар санатына жатады, – делінген мәліметте.
Нәтижесінде сот азаматша Б.-ға 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза белгіледі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив