A+ A A-

talgatzhan 32 6-12-2024, 14:41 0

Былтыр музейге қанша қазақстандық барған?

Бүгін / Республика

Пандемия салдарынан 2020 жылы музей тамашалайтындардың саны күрт кемігені белгілі, деп Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі музейлер мен тарихи-мәдени нысандарға баратын қазақстандықтардың санын көбейту жоспарын орындай алмағаны айтылды. Бұл туралы ведомствоның есебінде сөз болған. 

– Ұлттық статистика бюросының статистикалық деректері бойынша 2023 жылы музейлер мен тарихи-мәдени мұра объектілеріне барушылар саны – 6 255 900 адам. 2019 жылы жылы бұл көрсеткіш 6 829 300 адам болған еді, яғни 8,4% аз, - деп жазылған мәліметте.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған Даму жоспары бойынша 2023 жылы музейге барушылардың саны 2019 жылғы деңгейден 2% көп болуы керек еді. Десе де, жоспар орындалмай отыр. 

Ресми статистикаға сүйенсек, пандемиядан кейінгі алғашқы үш жылдың көрсеткіші мынандай:

2020 жылы – 2 351 300 адам,

2021 жылы – 5 104 900 адам,

2022 жылы – 6 097 300 адам.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив