A+ A A-

talgatzhan 32 6-12-2024, 15:30 0

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Бүгін / ШҚО

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратынша, 7 желтоқсанда күндіз өңірдің батысында, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды.

-Егер сіздің көлігіңіз  қыс мезгілінде жүру үшін жабдықталмаған болса, елдімекеннен тыс сапарға шықпағаныңыз жөн. Жолға шығар алдында мына заттарды өіңізбен бірге алыңыз: арқан, жанармай қоры, күрек, қол шам, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жылы киім, азық-түлік. Көлік жүргізушілері жылдамдықты сақтап, жаяу жүргіншілер жолдан өткенде абай болу керек, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай кезінде "112"нөміріне қоңырау шалыңыздар.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив