«Өскемен Водоканал» өкілдері алаяқтар өздерін кәсіпорын жұмысшысы ретінде таныстырып, қала тұрғындарына телефон соғуды жалғастырып жатқанын ескертті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мамандардың айтуынша, алаяқтар тұтынушыларға есептегіш құралдарын тексеру немесе ауыстыру қажет екенін айтып, ұялы телефонына жіберілетін кодты сұрайды.
- Қылмыскерлердің айласына түсіп қалмас үшін есептегіштің құжатын тексеріңіздер, олардың қызмет ету және тексеру мерзіміне мұқият назар аударыңыздар, - деді кәсіпорын өкілдері.
Пікірлер