Оқу-ағарту министрлігі қазақстандық оқушылардың қыста екі рет демалатынын мәлімдеді. Елімізде мектеп оқушылары қысқы каникулда 10 күн демалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
-Екінші тоқсанда сегіз оқу аптасы бар. Қысқы демалыс он күнге созылады, яғни оқушылар 2024 жылдың 30 желтоқсаннан 2025 жылдың 8 қаңтарға дейін демалады. Сондай-ақ бірінші сыныптарға қосымша демалыс беріледі. Ақпандағы демалыс 2025 жылғы 10 ақпаннан 16 ақпанға дейін жалғасады, - деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.
Үшінші тоқсан – оқу жылындағы ең ұзақ тоқсан. Үшінші тоқсанда 10 оқу аптасы бар. Көктемгі демалыс наурыз айына жоспарланып отыр. Ол 21 наурыздан 31 наурызға дейін 10 күнге созылады.
Соңғы төртінші тоқсанда 8 оқу аптасы бар. Оқу жылы 2025 жылы 25 мамырда аяқталады.
Фотосурет: ult.kz
Пікірлер