Алматы облысында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысы Полиция департаменті мәліметіне сәйкес, 6 желтоқсанға қараған түні Geely EMGRAND автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылының маңындағы «Алматы-Өскемен» тасжолының 54 шақырымында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
- Жол-көлік оқиғасының фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Өңір полициясы жаяу жүргіншілерді қырағылық танытуға, жолды тек белгіленген орындарда кесіп өтуге және жол қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Пікірлер