Қала тұрғыны Құралай Мажатаева «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы арқылы қаржылық сауатын арттырып, жеке кәсібін бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның отбасында тұрақты табыс көзі болғанымен, қарыздары да аз емес еді. Осындай қиын жағдайда ол «Қарызсыз қоғам» жобасы туралы естіп, қатысуға шешім қабылдады.
-Ел азаматтарының қаржылық сауатын арттырып, қарыздан құтылудың, жаңа кәсіп ашудың жолын үйрететін «Қарызсыз қоғам» жобасы жөнінде естіп, қатысуға бел байладым. Білім алу барысында көптеп бері толғандырып жүрген сұрақтарыма жауап таба бастадым. Ең әуелі қаржыны қысқа және ұзақ мерзімге жоспарлау арқылы қаражатты қалай үнемдеуге болатын үйрендім. Сонымен қатар, осы курстарда тегін құқықтық көмек берілетінін білдім. «AMANAT» партиясының облыстық филиалы арқылы адвокатың тегін көмегімен қаржылық мәселелерді шешуге кірістім. Алдымен 2016 жылдан бері жекешелендіре алмай жүрген Тарбағатай ауданындағы баспанамды адвокаттың кеңесімен жекешелендірдім, – деді Құралай Мажатаева.
Айта кетейік, партиялық жоба аясында қаражатты тиімді басқару, қарыздан құтылу стратегиялары, бизнес жоспар құру негіздері үйретіліп қана қоймай, тегін құқықтық көмек көрсетіледі.
Осылайша, курсты аяқтағаннан кейін Құралай Мажатаева өз идеясын жүзеге асыру мақсатында бизнес-жоспар әзірледі. Оның көздегені шағын клинингтік қызмет көрсету орталығын ашу еді. Нәтижесінде, ол «Бастау бизнес» курсын оқып, мемлекеттік бағдарлама арқылы 1 млн 476 мың теңге көлемінде қаражат алды. Ол осы қаражатқа өзіне қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, Өскемен қаласында шағын клинингтік қызмет көрсету орталығын ашты. Әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасап, алғашқы клиенттерін де тапты. Бүгінде бұл кәсібі тұрақты табыс көзіне айналды. Тапсырыс көлемі күн санап артып келеді.
-Қарызсыз қоғам» жобасы тек қаржылық білім беріп қана қоймай, өз күшіме деген сенімімді арттыра түсті. Жоба қарызсыз өмір сүріп, өз ісімді дамытуыма мүмкіндік берді. Бүгінде кәсібімнің аясын кеңейту үшін тендерлерге қатысу мақсатында мемлекеттік сатып алулар бойынша білім алып жатырым, – деді ол.
Құралай Мажатаеваның жетістігі – «AMANAT» партиясы қолға алған «Қарызсыз қоғам» жобасының халыққа қаншалықты пайдалы екенінің жарқын дәлелі. Жоба аясында ел азаматтарының қаржылық сауатын арттырып, отандастарымыздың өз кәсібін бастауына қолдау көрсету жұмысы алдағы уақытта да жалғаса береді.
Пікірлер