19-21 желтоқсан аралығында өтетін фестиваль қонақтары мен қатысушыларын үш күндік қызықты, алуан түрлі бағдарлама күтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аяз ата, Ақшақар-2024» фестивалі – Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылардың басын қосып, қуаныш пен қыстың сиқырлы атмосферасына бөлейтін бірегей оқиға.
19-21 желтоқсан аралығында өтетін фестиваль қонақтары мен қатысушыларын үш күндік қызықты әрі алуан түрлі бағдарлама күтеді.
Бірінші күні, яғни 19 желтоқсанда Риддер қаласында олимпиадалық резерв мектебінің аумағында ертегі кейіпкерлерінің шаңғы жарысы, жаңажылдық көңіл-күйді көтеретін қызықты флешмоб өтеді. Фестивальдің бірінші күнінің қорытынды кезеңінде Риддер қаласында ертегі кейіпкерлерінің шеруі мен аудан өнерпаздарының концерті, сондай-ақ қаланың Бас шыршасын салтанатты түрде жағу болмақ.
20 желтоқсан күні «Алтай Альпісі» тау шаңғысы курорты барша Аяз ата мен Ақшақарлардың жиналатын орнына айналады.
Фестиваль қонақтары уақыттарын қызықты, әрі көңілді өткізуі үшін әртүрлі локациялар ұйымдастырылады:
1. Сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберханасы.
2. Бейнелеу өнері шеберханасы.
3. Безендірілген шырша қасындағы Аяз Ата мен Ақшақар фото аймағы.
4. Слайм-Студиясы.
5. Шырша ойыншықтарын жасау.
6. ЛЭД экрандағы вокалдық байқау.
7. Ақылдылар сайысы.
8. Би марафоны.
9. Шаңғы тебуді үйрену орны.
Фестивальдің 3-ші күні, яғни 21 желтоқсанда қызықты өтеді.
Бұл күннің басты оқиғасы – Солжағалау саябағының аумағында орналасқан Аяз Ата резиденциясының маусымдық ашылуы.
Кешкі мерекелік бағдарламада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 150-ден астам Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен өтетін облыстың Бас шыршасын жағу рәсімі болмақ...
Пікірлер