A+ A A-

talgatzhan 105 9-12-2024, 17:20 0

Өскеменде «Қаныш және ғылыми майдан» кітабы оқырманға жол тартты

Бүгін / Өскемен

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының бастамасымен «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы, шығыстанушы Санжар Керімбайдың «Қаныш және ғылыми майданы» кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Шараға шығарма авторы Санжар Керімбай, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының директоры Бағдат Құдияр, Абай және Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Отбасы хрестоматиясы» ҚҚ өкілі Ажар Сағымбаева, Абай облысы бойынша «Отбасы хрестоматиясы» ҚҚ өкілі Бекзат Нұртай, зиялы қауым өкілдері мен студенттер қатысты.

Ұйымдастырушылар сөзінше, шараның мақсаты – Қаныш Сәтбаевтың жарқын тұлғасын мысалға ала отырып, жастардың өмірлік бағдарын, патриоттық сезімін, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, отандық ғылымының тарихы мен дамуына қызығушылығын арттыру.

Келген меймандар алдымен «Алтай» фольклорлық ансамблінің өнеріне куә болып, «Ғылым және білім – ел дамуының негізі» кітап көрмесімен танысты.

Шара барысында ШҚО Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Раушан Қапасқызы авторды тұсаукесермен құттықтап, иығына шапан жапты.

– Бүгін – ерекше күн. Себебі, Санжар Керімбаймен жүздесіп, жақынырақ сұхбаттасуға мүмкіндік туды. Шығыс жұртшылығына ұсынылып отырған бұл кітап халқымыздың дарынды ғалымы Қаныш Сәтбаевтың өнегелі өмірінен сыр шертеді. Ол жастардың білім-ғылымға деген қызығушылығын оятып, табандылық пен еңбекқорлық сынды қасиеттерді қалыптастыруға үлес қосады, –  деді ол.

Кездесуде Санжар Керімбай кітаптың жазылу тарихына тоқталып, Қаныш Сәтбаевтың өміріндегі маңызды сәттерді баяндап берді. Ғылымның бүгінгі бейнесін де сипаттады. Сондай-ақ спикер қоғамдағы өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, жастарға кеңес берді.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив